Хадис шәрифтерде былай делінген:
«Әр намаздан кейін 33 Субханаллаһ, 33 Әлхамдулилләһ, 33 Аллаһу әкбар, одан кейін "Лә илаһә иллаллаһу уахдәһу лә шәрика ләһ ләһул мулку уә ләһул хамду уә һуә алә кулли шәйин қадир" деген адамның теңіз көбігі мөлшеріндей күнәсы болса да кешіріледі.» (Мүслим)
«Саусақ ұштарымен санап тәсбих пен тәхлилді тұрақты оқыңдар. Қияметте әр мүшеге қатысты есеп сұралады және саусақтар үшін тәсбихте қолданды делінеді. Ғафил болған адам мейірімнен ұзақ қалады.» (Хаким)
«Тәкбір, тахмид, тәсбих және тәхлил себебімен мұсылман болып қартайған адамнан жақсысы жоқ.» (И.Ахмед)
Кедейлер, «Йа Расулаллаһ, байлар дәреже мен ниғмет тұрғысынан бізден озды. Біз намаз оқимыз, олар да оқиды. Біз ораза тұтамыз, олар да тұтады. Бірақ олар зекет, садақа береді, құл азат етеді, біз бұларды орындай алмаймыз» деген кезде, сүйікті пайғамбарымыз:
«Сендерден үстем болғандарға жете алуларың үшін, сендерден төмен болғандарды өте алуларың үшін және сендер жасаған сияқты жасағандардан басқа, сендерден үстем бол алмайтын бір нәрсе үйретейін. Әр намаздың соңында 33 рет Субханаллаһ, 33 рет Әлхамдулилләһ, 33 рет Аллаһу әкбар, бір рет "Лә илаһә иллаллаһу уахдәһу лә шәрика ләһ ләһул мулку уә ләһул хамду уә һуә алә кулли шәйин қадир" деп айтыңдар!» деді. Кедейлер, «Байлар да біз сияқты тәсбих тартып тағы да бізден озады» дегенде, Расулуллаһ:
«Бұл Аллаһу та’аланың жақсылығы, қалаған адамдарына береді» деді. (Әбу Дауд)
Имам Раббани хазреттері былай деген:
Намаз оқитын адам Раббымен сөйлесуде, Оған жалбарынуда және Оның ұлылығы мен Одан басқа барлық нәрсенің түк емес екенін көруде. Сүйікті пайғамбарымыз, «Парыз намаздан кейін 33 тәсбих , 33 тахмид, 33 тәкбір және бір тәһлил» айтуды әмір еткен. Бұның себебі, намаздағы кемшіліктер тәсбихпен жабылады. Осылайша өзінің лайықты түрде ғибадат ете алмағандығы білдіріледі. Тахмидпен намаз оқумен мәртебеленудің Оның жәрдемі және жеткізуімен екені білініп, осы үлкен ниғметке хамд, шүкір етіледі. Тәкбір айтып Одан басқа ғибадатқа лайық ешкім жоқ екені білдіріледі. (м.304)
Күнә істеген адам бұл әмірлер мен тиымдардың иесінің ұлылығы мен кибрийасын ойланғанда, Оның әмірлеріне қарсы келмейтін еді. Күнә істеуі Оның әмірлері мен тиымдарына мән бермегенін көрсетеді. Мұндай нәрседен Аллаһу та’алаға сиынамыз. Тәнзих кәлимасын (яғни жоғарыда жазылған тәсбихты) көп оқу арқылы бұл құсыр кешірілед